Жалпықазақстандақ ашық диктант

7 қыркүйекте С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында мәдениет мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен  жалпықазақстандақ ашық диктант жазу болды. Бұл шара Тілдер күніне және  А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналды. Осыған байланысты диктант ағартушының өмір-баяны мен шығармашылығына арналды. Бұл шараға облыстың мәдени мекемелері: С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры, «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызмет орталығы, И.Байзақов атындағы филармониясы және т.б. мәдени мекемелер қызметкерлері қатысты. Барлығы 50 - ден астам адам қатысты.