«Оқы Iike» әдеби баттл

27 қазан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кітапхана түні-2022» әлеуметтік–мәдени акциясы аясында «Оқы Iike» әдеби баттл өткізілді.

Еркін сөлеу алаңында өлең сүйер жастар ұлы ақын Абайдың өлеңін оқып, әнін шырқады және жүз жасаған Жамбылдың, ақиық ақын М.Мақатаевтың, С.Торайғыровтың, көрнекті ақындар А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, С.А.Есенин және т.б. ақындардың өлеңдерін оқыды.

Әдеби батл алаңында ерекше көзге түсіп, сөздің қадірін, сөздің мәйегін келтіре сөйлеген сөз зергерлері де болды. Олардың ішінде Г.З. Байкенованың басшылығымен №9 мектеп-гимназия оқушылары, студенттер және іс-шара қонақтары болды.

Қатысушыларға бұл іс-шара еркін отырып, еркін жыр оқу түрімен ұнады. Барлық әдеби баттлға қатысқан жастарға сыйлықтар берілді және Г.З.Байкеноваға алғыс хат табыс етілді.