Жаңа кітаптың тұсаукесері

Павлодарлық ақын Людмила Николаевна Бевздің «Павлодар – город талантов» және Светлана Курносованың «Учим буквы», «Жизнь, расшитая тонкой нитью» атты жаңа кітаптарының кезекті тұсаукесері өтті.

Оқырмандарға ұсынылған кітаптарға қазақтың әдет-ғұрпы бойынша «Тұсау кесер» рәсімі салтанатты түрде жасалынды. Жаңа кітаптардың символдық лентасын қию құрметі Л.Бевзге және облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің журналисі М .Кисенкоға берілді.

Шараға қатысушылар автордың жаңа кітаптарының иегерлері атанды.