«Риясыз әңгіме» ертегі терапиясы

16 сәуір күні «№4 арнайы орта білім беру мектеп - интернаты» ММ - де облыстық кітапхана қызметкерлері «Риясыз әңгіме» ертегі – терапиясы» атты арт – терапия сабақтары циклінен алғашқы іс-шара өткізді.

Ертегі терапиясы - бұл арт - терапия әдістерінің бірі, психология бөлімінде - адамға проблемаларды және жеке дамуды түзетуге көмектесетін ертегілер арқылы тұлғаға психологиялық әсер ету. Балалар, кейіпкерлердің тәртібін және әрекеттерін бағалай отырып, олардың рөлдерін қабылдау арқылы ертегі кейіпкерлері мен өздерінің арасындағы ұқсастықты анықтауды үйренеді.
Терапевтік ертегілерді тыңдап болған соң балаларға өздеріне ұнаған әдеби кейіпкердің суретін салу ұсынылды.