Шығармашылық кездесу «Балаларға арналған шығармашылық»

22 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау жылы аясында Павлодар мен Ақмола балалар жазушылары мен ақындарының кішкентай оқырмандармен шығармашылық кездесу өткізілді.

Кездесуге келгендер: ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Шолпан Байғалы; ақын, славян мәдени орталығы кеңесінің мүшесі, және еңбек сіңірген мұғалім, аудармашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Серік Сатыбалдин, балалар баспасөз орталығының жетекшісі, ИнЕУ журналистика кафедрасының аға оқытушысы Вайберт Елена. Педагог суретші-сценарист, жазушы А.И. Колодин. Сонымен қатар шараға ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Көкшетау» газетінің бас редакторы С.Жетпісқалиев қатысты.

Іс-шараның мақсаты: кітап оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, достық атмосферада жазушыға сұрақ қою, шығармалардың шығу тарихын білу.

Жазушылар кітапхана ұжымы мен балаларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Балаларға және кітапханаға арнап өз кітаптарын сыйға тартты.