«Соавтор-суретші!»

Бүгін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың коворкингінде «Кітап оқитын Павлодар» фестивалі аясында Қазақстан мен Ресейдің иллюстраторларымен кездесу өтті. Кездесудің басында үстелдерге павлодарлық ақын Людмила Бевздің «Шаштараз» атты жаңа балалар өлеңі жазылған парақтар қойылды, барлық қатысушыларға иллюстрацияның өз нұсқасын салу мүмкіндігі берілді.

Кездесуге павлодарлық суретші – иллюстратор - Игорь Гребенников және Toraighyrov University «Руслан Билялов студиясы» продюсерлік орталығының директоры - Руслан Билялов және он-лайн форматында қазақстандық «KHAN COMICS» комикс баспасының басшысы Оразхан Жакуп және сәндік-қолданбалы өнер шебері, Ресей Суретшілер кәсіби одағының мүшесі - Панасенко Нина қосылды.

Балалар кездесу қонақтарына сұрақтар қойып, иллюстрациялар жасаудың қыр-сыры, комикстер туралы, өздерін комикс индустриясында іске асыру мүмкіндіктері туралы әңгімелесті. «KHAN COMICS» баспасының басшысы Оразхан Жакуп қазақстандық комикстердің жасалатын студиясын, және суретші – иллюстраторлардың командасын көрсетті, Алматы баспасында жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы айтты. Нина Панасенко өзі суреттеген кітапты көрсетіп, кітап авторымен жұмыстың ерекшеліктері туралы айтты.

Павлодарлық суретші-иллюстратор Игорь Гребенников кітапханаға павлодарлық ақын Игнатовская Еленаның балаларға арналған «В огороде нашей школы» атты жаңа кітабын өзінің иллюстрацияларымен сыйға тартты. Павлодардағы танымал журналист, продюсер, қоғам қайраткері Руслан Біләлов сурет салуға, білім алуға және өзі–өзін жетілдіруге деген қызығушылығы туралы айтқан болатын, кездесу барысында ол да өлеңге иллюстрацияның өз нұсқасын салды.

Кездесу соңында барлығы өз суреттерін көрсетті - олар жарқын және әрқайсысы ерекше болып шықты!