Кітапханалардағы мәдени мұраны сақтау

Кітапхана қорларының мақтанышы болып саналатын сирек және құнды қолжазба мен баспа кітаптары - мәдени мұра объектілері, кітап ескерткіштері болып табылады. Кітапханалар мен кітапханашылар мәдени мұраны сақтауда маңызды рөл атқарады. Қазіргі әлемнің сын-тегеуріндері кітапханашылардың жұмысын өткеннің сақтаушылары болып табылатындығына және болашақтың қалыптасуына ықпал ететіндігіне байланысты одан да маңызды етеді.

24 мамырда С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен Шығыс Қазақстан, Түркістан және Абай облыстарының кітапхана мамандарымен «Кітапханалардағы мәдени мұраны сақтау» тақырыбында аймақтық онлайн-кездесу өтті.

Кездесу барысында кітапхана саласының қатысушылары мәлімделген тақырып бойынша пікір алмасты, ақпараттық технологияларды дамыту жағдайында еліміздің мәдени-тарихи мұрасын сақтаудағы кітапханалардың рөлін арттыру, көрнекті рухани және материалдық құндылығы бар кітап ескерткіштерін цифрландырудың маңыздылығы, оны халықтың қалың жігі арасында танымал ету мәселелерін талқылады.

Мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін сақтау және зерделеу мәселелері бойынша одан әрі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы шешім қабылданды. Кездесуде қатысушылар мәдени мұраны сақтаудың маңызды бағыты мен тиімді жолы қоғам, мәдениет саласының қызметкерлері мен өскелең ұрпақ арасында кең мәдени-ағартушылық қызмет болып табылатындығымен ортақ пікірде қалды.

Онлайн-телекөпірге 100-ден астам кітапхана мамандары қатысты