«Сырбайдың сырлы әлемі» атты поэзиялық кеш

16 қыркүйекте С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына орай «Сырбайдың сырлы әлемі» атты поэзиялық кеш өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері және әдебиетсүйер жастар қатысты. Жиын барысында ақынның өлеңдері оқылып, жырдан шашу шашылды. Кешке ақынның шығармашылығына арналған «Сырбайдың сырлы әлемі» атты кітап көрмесі безендірілді. Әдеби шараға құрметті қонақтар жоғары баға беріп, алдағы уақытта осындай жүздесулерді жиі ұйымдастырып тұруға ұсыныс білдірді.