«Тарихи тұлғаларды танытқан талант» атты әдеби студия

20 ақпан күні облыстық кітапханада «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған кеш өтті. Оның қылқаламынан туған 50-ден аса тың туынды халқымыздың әдеби өмірінде жоғары орын алады. Бүгінгі таңда ол әдеби прозаның және көркем сынның шебері, романдардың, повестердің, әңгімелер мен эсселердің, ондаған кітаптарының авторы.

Іс-шараға «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының қызметкерлері - бас редактор Ә.Әбішев, жауапты хатшы А.Оралхан, «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері «Өмір өрнегін өз үнімен зерлеген» атты кітап көрмесін көрсетті.