«Ұлт мақтанышы – Қаныш Сәтбаев» атты тақырыптық сағат

28 ақпанда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері Қ.Мақпалеев атындағы орта мектепте 5 Г, 5 Ж сынып оқушыларына   «Ұлт мақтанышы – Қаныш Сәтбаев» атты тақырыптық сағатын  өткізді. Тақырыптық сағат  геолог, академик Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына  арналды. Қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған көрнекті ғылымды жасаушы – «Тарихи тұлғалар – Қаныш Сәтбаевтың» сан қырлы қызметі туралы бейнефильм көрсетілді. Мектеп оқушыларының назарына «Ғалым геолог» кітап көрмесі ұсынылды. Тақырыптық сағаттың соңында «Геодетективтер» танымдық ойыны ойналды.