«Твори добро на всей земле» мейірімділік акциясы

6 желтоқсан күні «Жанашыр» орталығы мен балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған «Твори добро на всей земле» атты акция өткізді. «Нашар еститін балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беру мектеп – интернатының» оқушылары үшін балалар кітапханасы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Балалар шығармашылық секторының кітапханашылары өткізген жаңа жылдық мерекелік заттарды жасау бойынша шеберлік сабағына үлкен қызығушылықпен қатысты.