«Тәуелсіздік. Елбасы. Мәңгілік ел» көрмесінің ашылу салтанаты

29 қараша күні облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіздік. Елбасы. Мәңгілік ел» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеде Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың бүкіл өмірі алақандағыдай айқын көрініс алған: балалық шағы, бозбала және жастық шағы, еңбек жолы мен саяси мансабы, Президенттің тәуелсіз мемлекетті құру мен нығайтуға бағытталған қызметі баяндалған қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ондаған басылымдар қойылды. Еліміздің Н. А.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген табыстарына ерекше көңіл бөлінді. Биыл 25-жылдығы атап өтілген, тәуелсіздік рәміздерінің бірі - ұлттық валютамызға ерекше бөлім арналған. Оқырмандардың қызығушылығын Президент жазған кітаптар тудырды.
Көрменің ашылуына Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының басшысы Ж. Молдабеков қатысты. Іс-шара қонақтары-5512 ә / б әскери қызметшілері, ҚАЖ департаментінің қызметкерлері, экономикалық колледж студенттері, №7 ОББМ оқушылары.