«УДИВИТЕЛЬНОЕ – РЯДОМ!» ФОТОБАЙҚАУЫНЫҢ БАСПАСӨЗ-ХАБАРШЫСЫ

1 қазаннан бастап облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «Удивительное – рядом!» фотобайқауын жариялады. Табиғатқа деген махаббат, оның сыйымен рахатқа бөлену, қамқорлық жасау ¬– бұл адамның басты өнегелік қасиеттері. Көп жағдайда біз күнделікті өмірдегі қарбаласпен айналамызда болып жатқан қызықты байқамаймыз.

Мүмкін, бір сәтке тоқтала тұрып, жан-жаққа қарау қажет те шығар. Егер де, жылжып бара жатқан аспаннан бегемоттың бейнесін, тырбық ағаштан – ертегі кейіпкерін байқап қалып, суретке түсіріп үлгеру үшін камераны қолға алған болсаңыз, сіз сөзсіз шығармашылықтың адамысыз, және де біз сіздің жұмыстарыңызды фотобайқауда, Луначарского көшесі, 9/2 мекен-жайы бойынша (тел. 618711) күтеміз. Байқауға жарияланған әр суретте автор есімі, жасы, сурет аты болуы қажет. Жұмыстар 20/30 см (А4) баспа пішінінде қабылданады. Өз ой өрісініздің фантазиясын көрсетіңіз!