«НАЗЫМБЕК АҒАНЫҢ БАЗАРЛЫҒЫ» АТТЫ МУЗЫКА САБАҒЫ

11 желтоқсан күні кітапханада ұстаз, композитор Назымбек Дүкенбайдың 75 жылдығына орай «Назымбек ағаның базарлығы» атты музыкалық сабақ өтті.

Назымбек Дүкенбай педагогикалық және музыкалық ортада ұлттық мәдениетті насихаттаушы, жастарға тәлім-тәрбие беріп жүрген сазгер ретінде танымал.

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушысы әрі өнер магистрі Гүлмейрам Қайырбекқызы Рақышева мен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Назгүл Қайыркенқызы Латыпова композитордың шығармашылық жолы туралы әңгімеледі. Музыкалық нөмірлерді Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің «Тұмар» ансамблінің қатысушылары орындады. Жұмаш Бекайым өзінің «Ұстаздарға арнау» өлеңін оқыды.

Қонақтардың назарына «Тербеген әні Ертісті» атты кітап көрмесі ұсынылды.