Кітапханаға – барлық сыныппен

16 ақпанда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында №21 орта мектептің 5 «А» және 5 «З» сынып оқушылары үшін «Кітапханаға - барлық сыныппен» атты экскурсия өтті. Мектеп оқушылары кітапхананың кітап қорымен, балалар әдебиеті классиктерінің шығармаларымен, «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерімен, «Балдырған», «Мурзилка», «Юный эрудит», «Читайка», «Отчего и Почему» журналдарымен танысты. Кітапхана қызметкерлері «Павлодар Ертіс өңірінің тарихы» көрмесі туралы, жазушылардың-мерейтойлары (С.Торайғыров, Қ.Бекхожин және М.Әлімбаев) туралы, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі. Оқушылар пазлдар құрастырып, шахмат, дойбы ойнады, энциклопедиялар оқыды. Экскурсия қызықты және көңілді өтті.