КӨҢІЛДІ СТАРТ

3 қаңтарда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында  «Көңілді старт» ойыны өтті. Ойынға №26 мектептің бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Балалар екі топқа бөлініп спорттық ойындар ойнап, жарысқа түсті. Ойын соңында шапшаңдығымен, алғырлығымен көзге түскендер сыйлықтарға ие болды.