«Бар ықыласыңмен жасау» көрме-трансформер және шеберлік - сыныбы

6 наурыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Бар ықыласыңмен жасау» атты көрме-трансформердің ашылуы мен шеберлік - сыныбы өтті. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Жоғары өнер және спорт мектебінің қызметкерлері Әйгерім Ерденқызы Әлежанова, Маржан Серікқызы Темірханова, Валентина Александровна Школьникова, Павлодар қаласындағы «Вдохновение» алғашқы керамикалық шеберханасының жетекшісі және негізін қалаушы Ақбаян Халелқызы Байтубаева «Мастерица» қолөнершілер клубының және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері халықтың-қолдаңбалы өнер туындылары мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Барлығы үшін  киіз басу, тоқу, керамика жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді.

Кітапханашылар сәндік-қолданбалы өнер, қолөнер, үй шаруашылығы, халық қолөнері, тұрмыстық бұйымдарды әшекейлеу техникасы бойынша жаңа, ең қызықты, өзекті басылымдарды, көркем безендірілген альбомдарды, сөздіктерді, анықтамалықтарды және т.б. көрмеге қойды.