«Халық дәстүрі – алтын бесік» этнографиялық сабағы

25 сәуір күні балалар әдебиеті бөлімінде Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған «Зерде» зияткерлік клубының отырысы - «Халық дәстүрі – алтын бесік» этнографиялық сабағы өтті.
Кітапхана қонақтары - Қ.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің белорус, азербайжан, поляк және татар - башқұрт бөлімшелерінің оқушылары көз тартарлық және қызықты бағдарламамен өнер көрсетті. Әр түрлі тілдерде өлеңдер мен әндер, ұлттық билер орындалып, ойындар, ұлттық мәдениет және салт - дәстүрлер туралы әңгімелер жүргізілді.
Кітапхана фойесіне қойылған «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты кітап көрмесі қазақ халқының ұлттық мәдениетінің алуан түрлілігін ашты.