«Ғылымның жарық жұлдызы» кітап көрмесі

11 сәуірде облыстық кітапханада ғалым, қазақстан ғылымының негізін салушы, геология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ғылымның жарық жұлдызы» кітап көрмесі ашылды. Көрмеде қазақ халқының ұлы перзентінің өмірі, оның ғылыми еңбектері және қоғамдық қызметі таныстырылған әдебиеттер қойылды. Көрменің ерекше бөлімі академик туралы естеліктерге толы және оның ғылыми мол мұрасына арналды.

Көрменің ашылуына ПМПУ география және химия кафедрасының аға оқытушысы Мұратбек Омаров қатысты. Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі мен жоғары басқару колледжінің студенттері және ҚР ІІД оқу орталығының біліктілікті арттыру курсының тыңдармандары көрмені бірінші болып тамашалады.