«Ғылымға қызмет етудің үлгісі» атты бейне дәріс

17 сәуір күні облыстық кітапхана Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих кафедрасының доценті А.Е. Каримовамен кездесу өтті.

Колледж студенттерінің назарына Қазақстанның тұңғыш геолог – ғалымы, әйгілі, ерекше тұлға, Қазақ КСР – да ғылымды жасаушы және ұйымдастырушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы фильм көрсетілді. «Ғылымға қызмет етудің үлгісі» атты бейне дәріс барысында республикада ғана емес, сондай – ақ барша әлемге танылған көрнекті жерлесіміз, Қазақстанның минералды ресурстарын ашқан ғалымның өмірінен қызықты фактілер мен материалдар таныстырылды.