«Қазақстан ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар» атты ақпарат күні

29 қаңтар күні облыстық кітапханада «Қазақстан ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар» тақырыбында ақпарат күні өткізілді. Іс-шараға облысымыздың жалпы білім беру мектептерінің 8-10 сынып оқушылары шақырылды. Іс-шара бағдарламасында: кітапхана бойынша экскурсия, электронды каталогты қолдану бойынша тәжірибелік дағдыдағы кітапханалық сабақ, Павлодар Мемлекеттік Университетінің «Агротехнология» кафедрасының профессоры Ұ.Х.Альмишевпен кездесу. Шараға жиналған қауыммен мәнді де мазмұнды әңгіме жүргізілді. Дәріскер Қазақстандағы және Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы туралы әңгіме өрбітіп, шет елдердің жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтірді. Жиналғандардың назарына кітап көрмесі және библиографиялық шолу ұсынылды.