Қаңтардағы поэзиялық кездесу

26 қаңтар күні облыстық кітапхана қабырғасында 2014 жылы бастау алған «Истоки» әдеби-сазды клубының 5 жылдық мерейтойына арналған ақындардың дәстүрлі «Қаңтардағы поэзиялық кездесуі» өтті. Ол әр түрлі жастағы поэзия сүйер қауымды біріктірді. Клубтың мақсаты – шығармашыл адамдардың басын қосу, заманауи әдебиеттің үздік дәстүрлерін насихаттау, көркем талғамды қалыптастыру, сондай-ақ кітап оқуға деген сүйіспеншілікке баулу. Клубтың шеңберінде талантты жас ақындардың жолын ашуға бағытталған көптеген әдеби – сазды шығармашылық кездесулер, жаңа туындылардың тұсаукесері, республикамыздың басқа қалаларының ақын – жазушыларымен шығармашылық кездесулер өткізіледі.

Кеш қонақтары – клуб мүшелері, кітапхана оқырмандары, жоғарғы оқу орындарының студентері, қаламыздың шығармашылық қауым өкілдері. Клубты мерейтойымен белгілі ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері, Павлодар облысының шығармашылық зиялы қауым өкілдері құттықтады. Кеште «Славяночка» және «Сюрприз» ансамбльдері өнер көрсетіп, жергілікті авторлардың өлеңдері мен музыкасына жазылған әндерден шашу шашылды.