«Кітапхана және өлкетану» Бағдарламасы

Жоба мақсаттары: тарихты және туған өлкенің мәдениетін зерттеу, кең түрде насихаттау негізінде қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеуге ықпал жасау.

Серіктестер: Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Бұхар-жырау атындағы әдеби-көркем мұражайы, П.Васильев мұражай-үйі, Шафер үйі.

Жоба шеңберінде тарихшыларды, археологтарды, ғылыми қызметкерлерді, студенттерді, мұражай қызметкерлерін біріктіретін «Өлкетану» өлкетану клубы жұмыс істейді. Өлкетанулық қозғалыс міндеттерін тиімді шешу мақсатында, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп кітапханалық шаралар кешені өткізіледі.