Курстар

Зейнеткерлер мен жұмыссыз азаматтарға арналған компьютерлік сауаттылыққа үйрету курстары

Ұсынылған «Компьютерлік сауаттылық курсы» ДК-мен жұмыс жасау үшін аса қажетті бағдарламаларды меңгеруге мүмкіндік береді. Курс еш уақытта компьютерді пайдаланбаған адамдарға арналған.

Курс мақсаты – тыңдаушыны күнделікті өмірде және кәсіби қызметте ДК-ді пайдаланушы деңгейіндегі практикалық жұмыс дағдысына үйрету.

Курс бағдарламасы:
- Windows жүйесі;
- Базалық бағдарламалар;
- Файлдармен және папкалармен жұмыс жасау, құру, өшіру және бұрынғы қалпына келтіру;
- Бірнеше бағдарламамен бір уақытта жұмыс жасау, бірнеше әйнектердің бір-бірімен байланысын жүзеге асыру;
- Word бағдарламасымен жұмыс жасау: мәтін, кестелер, суреттер;
- Электронды тасымалдаушыда ақпаратты сақтау;
- Компьютердегі ақпаратты іздеу;
- Интернетке қосылу, Web-парақшалар, ақпаратты іздеу.

Курс 1 ай өткізіледі.
Ақысыз.

Мекенжай, байланыс телефоны:
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана
Академик Сәтбаев көшесі, 104
тел. 32-19-27

 

 

Көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған компьютерлік сауаттылық сабақтары

Көзі көрмейтін және нашар көретін адамдар үшін компьютерлік сауаттылық сабақтары жеке-дара өткізіледі. Оқыту курсы – 30 сабақтардан тұрады. Оқыту тифлокешен және JAWS бағдарламасының көмегімен өтеді.
Курстар – ақысыз.

Мекенжай, байланыс телефоны:
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана
Академик Сәтбаев көшесі, 104
«Жанашыр» Орталығы
тел. 32-58-15