Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жазылған бұл кітап – рухани құндылығымызды жаңғыртатын бастама. Алғаш рет шығарылып отырған еңбектің ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-гұрпымызды, мәдениетімізді, өмір салтымызды заманға сай одан әрі байытуда, саналы ұрпақ тәрбиелеп шығаруда маңызы ерекше зор. Кітапта көрсетілген қасиетті жерлердің әлі де болса қаншама сырын ішіне бүгіп жатқаны анық. Басылым еліміздің табиғи, тарихы ескерткіштерін зерттеуге қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға азық болар деп ойлаймыз.