Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жазылған бұл кітап – рухани құндылығымызды жаңғыртатын бастама. Алғаш рет шығарылып отырған еңбектің ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-гұрпымызды, мәдениетімізді, өмір салтымызды заманға сай одан әрі байытуда,  оны бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру арқылы жаңа ұрпақты қалыптастыруда маңызы зор деп есептейміз. Кітапта көрсетілген қасиетті жерлердің әлі де болса қаншама сырларын ішіне бүгіп жатқаны анық. Басылым кез келген туған өлкесінің табиғи, тарихы ескерткіштерін зерттеуге қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға арналады.