Жан жүрегім – Астана

Елбасымыздың қажырлы күш-жігерінің арқасында қанатын кеңге жайып бара жатқан Елорданың кешегісі мен бүгінгісі, оның ертеңгі қадамдары республикаға белгілі фотожурналист, көп жылдардан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жеке фотосуретшісі қызметін атқарып жүрген Шүкір Шахайдың «Жан жүрегім –Астана» атты фотоальбомында жан-жақты көрсетілген. Еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылғы тарихын осы фотоальбом арқылы көз алдымызға елестетуге болады.
Фотоальбом тақырыптарға талғаммен, әрі мазмұндылығымен бөлінген. «Жан жүрегім –Астана» Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі деген ұғымды терең аша келіп, суреттерді алға тарта отырып, сол арқылы Елорданың маңыздылығын, алатын орнын, мәртебесін айқындай түседі.