Ілияс Жансүгіров

«Менің 100 Кітабым» Кітапханасының кезекті басылымында Ілияс Жансүгіровтың «Құлагар» поэмасы басылып шықты.

Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның «Құлагер» поэмасы - қазақ поэзиясының інжу маржаны. Шығармаға Ақан сері мен оның тұлпары Құлагер арқау болған. Ақын оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып, оған мінездеме береді. Ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, серінің қайғы-шерге көмілуін суреттейді.