Әлем әдебиетінің әңгімелері

Белгілі әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлының «Әлем әдебиетінің әңгімелері» атты жаңа кітабы екі бөлімнен тұрады. «Мәңгілікпен үндесу» деп аталатын алғашқы бөлімінде аса көрнекті жазушы Герольд Бельгер мен белгілі әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің арасындағы риясыз достығы тілге тиек етіледі. Көлемді зерттеуде нақты деректер негізінде екі ірі тұлғаның шығармашылық және адамдық келбеті жан-жақты ашыла түскен. Кітаптың екінші бөлімінде Руми, Гоголь, Кафка, Булгаков, Акутагава, Кавабата, Мисима және тағы да басқа әлем мойындаған суреткерлер туралы эсселер мен жаһандық қаламгерлердің шығармашылығын талдаған сұхбаттары берілген.