Әлемді аялаған сөз

Мақсатымыз - ұлы Абай мұрасын Қазақстан этностарының арасында насихаттау. Кітап тұжырымдамасы Қазақстандағы этносаясаттың адами және жалпыұлттық құндылықтарын кеңінен таратуға, қоғамды біріктіруге, азаматтық патриотизмді, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған. Казақ мәдениеті мен тарихын одан әрі зерделеу міндеттеріне сәйкес келеді.

Бұл кітапта архивтен, кітапханалық қордан, мерзімді басылымдардан алынған жазбаша дереккөздер пайдаланылды. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері жазған төлтума эссе мәтіндері алғаш рет жарық көріп отыр.

Кітап Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасына қызығушылық танытатын қалың оқырман қауымға арналған.