Алпысбай Әбділұлы

Алпысбай Әбділұлының «Әріпті соттау» сатиралық кітабы - көпшілік оқырманға арналған. Сатирик қағытпа қалжың, сыни сықақ арқылы қоғамдағы кейбір келеңсіздіктердің тамырын дөп басады. Әзіл айтса да, әділ айтатын автор күлдіре отырып, оқырманға ой салуға тырысады. Қалжынның қандауырын қолына алған қаламгердің шығармалары оқуға да, тоқуға да ыңғайлы. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» туындылар ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Себебі, юмор бар жерде - өмір бар!