Дала фольклорының антологиясы. Батырлар жыры

Дала фольклоры антологиясының алғашқы томы батырлар жырына арналған. Оның «Көне эпос» деп аталатын бірінші бөліміне «Құламерген», «Дотан батыр» жырлары, «Батырлар жыры» деп аталатын екінші бөліміне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Ер Едіге», «Шора батыр» сияқты классикалық эпостың таңдаулы үлгілері топтастырылған.

Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады.

Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.