Дала тарихы

Кітап Еуразия тарихына арналған, ол өз тарихындағы маңызды сәттерді талдау арқылы қарастырылады. Автордың көзқарасы бойынша, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырдағы Қытайдағы реформалар осындай сәттер ішінде болды, олар бірегей Қытай мемлекеттілігін құрып қана қоймай. Дала шекарасындағы көшпенді империялардың пайда болуына тікелей себепші болды. Гоби шөлінің ар жағында жатқан Монғолия аумағы бұл үдерісте ерекше маңызға ие болды. Дәл осы жерде Қытайға қарсылас басты көшпенді империялар құрылды және осы жерден олар өз ықпалын бүкіл Еуразия даласына таратты. Еуразия тарихындағы тағы бір маңызды сәт Моңғолияда Шыңғысхан мемлекетінің құрылуымен байланысты еді. Ол реформалар нәтижесінде пайда болды, соның аясында көшпенді тайпалар адалдығын қамтамасыз ету үшін олардың дәстүрлі шекаралары жойылды.

Ұзақ уақыттар бойы Еуразияның барлық көшпенділері моңғол мемлекеттері армиясының құрамына кірді, бұл бұрынғы тайпалардың жойылуына әкелді. Моңғол дәуірінде кейбір тайпалар кірді де, кейбірі түбегейлі шықты. Кітапта, сонымен қатар, әртүрлі моңғол мемлекеттеріндегі үдерістер қарастырылған, нәтижесінде олар жаңа халықтардың пайда болуына әкелді. Еуразия тарихындағы моңғол кезеңінің маңызды салдарының бірі орталықтандырылған империялық Ресей мемлекеттілігінің құрылуы еді. Бұл өз кезегінде жаулап алған барлық аумақтарға Қытай саяси ұйымының негіздерін таратуға тырысқан Моңғол империясынан мемлекеттік құрылым қағидаларын сіңіру нәтижесінде пайда болды. Жекелеген тарау автордың көз-қарасы бойынша моңғол мемлекеттілігінің саяси дәстүріне тікелей қатысы бар қазақ жүздерінің шығу тегі туралы мәселеге арналған. Зерттеу жалпыға қолжетімді дерек-көздері мен ғылыми әдебиеттер негізінде жүргізілді.

Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.