Жеңімпаздар. Павлодар облысы

Ұсынылып отырған басылым шайқас даласынан елге аман оралып, бейбіт өмірде Павлодар өңірінің дамуы мен гүлденуіне жасампаз еңбегімен елеулі зор үлес қосқан Ұлы Отан және Кеңес-Жапон соғыстарына қатысушы - павлодарлықтар туралы қысқа өмірдеректі мәліметтерді қамтиды. Олардың ішінде - Павлодар облысынан жұмысшы-шаруа Қызыл армияға (ЖШҚА) шақырылғандар да және облысымыздың құрылыстарына, кәсіпорындарына, ұйымдары мен шаруашылықтарына еңбек етуге келіп, осында өздеріне екінші отан тауып алғандар бар. Кітапта облыстың мемлекеттік архиві, қорғаныс департаментінің архиві қорларынан алынған мәліметтер, ардагерлер ұйымдарының, мектеп және өлкетану музейлерінің, Павлодар облысы азаматтарының жеке және отбасылық архивтерінің материалдары, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің «Подвиг народа в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» - электрондық құжаттар банкінінің және «Память народа» порталының деректер пайдаланылған.

Басылым Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналады және Ертістің Павлодар өңірінің тарихы қызықтыратын барлық тұлғаларға ұсынылады.