Ермек Тұрсынов

Бүгінгі қазақтар біз кімбіз? Қандаймыз? Біздің бойымызда бұрыңғы қазақылықтан не қалды? Жүріп өткен жолымызда біз нені жоғалтып, нені сақтап қала алдық? Біз бұл күнде нені бағалаймыз, ал неден түбегейлі бас тарттық? Генетикалық жад деген ұғым бар деп есептейтін белгілі кино-режиссер Ермек Тұрсынов өзінің жаңа кітабында осы сұрақтарға жауап беруге тырысады. Бақытымызға орай, ол жад өшпейді. Жәй ғана бәрін еске түсіру керек. Еске түсіріп, өз күшімізге сенуіміз керек.

Тілі жатық, әрі қызықты жазылған бұл кітап салт-дәстүрді қазақтың, ең алдымен жас ұрпақтың жадында жаңғырту әрекеті. Бұл ешқандай да патриархатқа, «ескі және керемет шаққа» оралу емес, керісінше өзіңізді дәл қазіргі уақытта жақсы түсініп, болашаққа сеніммен қарауыңыз үшін тамырыңызбен табыстырады, мәдени ерекшеліктеріңізді еске салады.

Автор бұл жазғандай бұл кітап көкейде көмескіленгеннің шаңын қағып тазалап, аяққа нық тұруға, еңсемізді тіктеп, қайта Аспанға көз салуымызға көмектеседі.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.