Есімде есілген естеліктер...

Сатирик-жазушы Мыңбай Рәш бұл кітабында өткен ғасырдың 1943 жылдың күзінде, сұрапыл соғыс жүріп жатқанда, Алматы қаласында өткен Қазақстан ақындарының айтысын ашқан жыр алыбы Жамбылды 14 жасында көзімен көргені хақында, одан бері қарайғы мезгілді қамтитын еліміздің аса көрнекті қаламгерлері мен өнер майталмандары жөнінде сыр шертеді.

Автор көзі көріп, сөзін естіген қайсы біреулерімен қызметтес болып, бірге жүріп, біте қайнасқан шақтарын қызықты етіп әңгімелейді.

Қалың көпшілікке арналған естеліктер топтамалары оқырмандарын бейжай қалдырмас деген ойдамыз.