Есімдер Сақтардан қазақтарға дейін

«Есімдер: Сақтардан қазақтарға дейін» атты еңбек еліміз тарихының біздің дәуірімізге дейінгі кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі есімдерді қамтиды. Кітаптың құндылығы әр есімнің қай дереккөзден алынғаны көрсетілуімен ерекшеленеді. Бұған қоса мүмкіншілігіне есім мағынасы жазылып, осы есімнің тарихи иесі кім екені де көрсетілген.

Кітап еліміздің тарихының түрлі кезеңіне байланысты қазақтың бабалары - сақ-скифтердің бабасы Тарғытай екені, патшалар Иданфирс пен Томирис, оның ұлы Спаргаписпен қатар сол заманның атақты ғұламасы Анахарсис, дәрігер Токсарид, ғұндардың патшасы Еділ-Аттиланың балалары мен замандастарының, байырғы түркілердің елбастар Білге, Күлтегін т.б. сынды тұлғаларының, Мысырды басқарған сұлтан Байбарыс және басқа да түркі тектес мәмлүктермен казак ұлтының алқалы азаматтарының есімдерінің бір басылымға жиналуымен қызғылықты әрі құнды.

Сонымен қатар кітап қазақ есімдерін жан-жануарларга, өсімдікке, қару-жараққа, заттарға, киімге, салмаққа қатысты және басқа да бөлімдерге топтастырылып ұсынуымен де тартымды