Күй қүдіреті

Белгілі қаламгер Нұрперзент Домбайдың бұл кітабына әр жылдары жазылған сұхбаттары, эсселері мен публицистикалық мақалалары енгізіліп отыр.

Автор сан-алуан сипатта жазылған дүниелерінде әдебиет пен өнер қайраткерлерінің, туындыларымен танымал талантты тұлғалардың қырлы да сырлы өмірін тереңдей ашып, көркем портреттерін жасайды. Сондай-ақ өміріміздің өнегелі өкілдері жайлы сыр шертіп, жарасымын тауып отырған достығымыз бен ардақ тұтар ардагерлеріміздің өмір жолы - асыл қасиеттерін арқау етеді. Жазбалардан замана шындығы, уақыт тынысы сезіледі. Оқырман көңілінен шығарына сеніміміз мол.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.