Мәдениеттану

Бұл еңбекте ғылыми және оқу пәні ретіндегі мәдениеттанудың мазмұнын құратын әлемдік және ұлттық мәдени үрдістердің заңдылықтары, адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен құбылыстары, негізгі мәдениет институттары және олардың арақатынасы, әлемдік және отандық ұлы ғұламалардың мәдениеттанушылық ойлары қарастырылған. Жоғары оқу орындарының студенттеріне, мәдениет философиясы мен мәдениеттің тарихы және теориясымен, мәдениеттану мәселелерімен айналысатын зиялы қауымға, жалпы өнерсүйер қауымға арналады.