Мысалдар

Абдрахман Асылбек - жиырмадан астам жыр жинақтарының авторы. Оның 18-і балаларға арналған. «Туысыңды таптың ба?», «Сауысқанның сәлемі» атты кітаптары сатиралық өлеңдерден тұрады.

Қолдарыңдағы И.А. Крыловтың «Мысалдарын» ақын алғаш рет қазақ тілінде толық түрде түп нұсқасын: ұйқасын, ырғағын стилін сақтай тәржімалап, оқырман қауымға ұсынып отыр. Бұл мысалдар, әсіресе, мектеп оқушыларына хрестоматиялық қосымша оқу құралы ретінде аса қажет деп білеміз.