Оразақын Асқар

Халықаралық «Алаш», Түркі әлемі «Ақбозат» және Мұқағали атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.

Ұл-қыз өсіріп, немере суйіп отырған Оразақынның «Балалар әлемі» деп аталатын бұл кітабында бөбектерді жіті қадағалау барысында жазылған бала тілінің бал екенін дәлелдейтін қызықты сөз, іс-әрекет, қылықтары, үйдегі, мектептегі, каникулдағы үлгілі, өнегелі өмірлері нанымды да көркем, көңілді көрініс табады.

Сондай-ақ, ақынның өзі қызмет еткен қала өмірі, демалыста, іссапарларда аралап көріп - білген жер көріністері, ел тұрмысы, ауыл тіршілігі, ағайын-туған, отбасы қарым-қатынастары оның өлең-жырларынан жан-жақты әсерлі көрініс табады.