«Қазақ» сөзіне тиісті деректер

Ілияс Ахметұлы (1897-1938) - XX ғасырдағы қоғам қайраткері, журналист, оқытушы, шығыстанушы, зерттеуші. Ілияс Ахметұлының «Қазақ» сөзіне тиісті деректер» атты еңбегі 1934 жылы жазылып, қолжазба күйінде сақталған. Еңбек алғаш рет латын әліпбиінен кирил әліпбиіне аударылып беріліп отыр. Бұл еңбек тарих, филология, шығыстану саласындағы зерттеушілерге және қызығушы оқырмандарға арналған.