Сөз мәйегі

Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын-жазушы, публицист, филология ғылымдарының кандидаты Бақытбек Бәмішұлының «Сөз мәйегі» атты кітабына Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда жазылған шығармалары енген.

Б.Бәмішұлы туындыларына негізінен ұлт пен ұлыс тұтастығы, ел мен жер бірлігі, ұлағатты дәстүр, рухани байлық, тіл мен діл мәселерін арқау етеді. Зұлмат замандарда тағдыр тәлкегі салдарынан атамекенінен ажырап, жер шарына тарыдай шашыраған қандастарымыздың тағдыр-талайы туралы толғаныстары да тартымды. Ел мен жер үшін ұлт мүддесі жолында күрескен қайраткерлердің өнегелі: өмірі де ешкімді бейжай қалдырмайды. Тарихи танымдық мақалаларының да оқырман сұранысына сай, дерек-дәйегі көп, тағылымдық мәні зор.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.