Сөз тарту

Үш бөлімнен тұратын бұл кітапқа автордың зерттеу, сұхбат, әссе, мақалалары еніп отыр. Бірінші бөлімде «Қазақ детективінің атасы» атанған майдангер жазушы Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығын арқау ете отырып кейіпкердің қисапсыз қиындықпен өткен балалығы, соғыс өртіне шарпылған жастық шағы туралы сыр шертеді, оның шығармашылығына талдау жасайды. Екінші бөлімде әдебиет, мәдениет және өнер жайында осы саланың белгілі тұлғаларының ішкі сырына үңіліп, олармен сырласа отырып бүгінгі жас буын талғамын таразылайды. Соңғы бөлімде қоғамдағы түйткілді мәселелер туралы мақалалар мен тағылымды тұлғалар жайындағы эсселер топтастырылған.

Кітап әдебиеттанушыларға, зерттеушілерге, сонымен бірге көпшілік оқырманға арналған.