Тәуелсіздік түлектері

Бұл кітапта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С. М. Киров атындағы ҚазМУ) Филология факультетіне 1986 жылы түсіп, 1991 жылы оқу бітірген түлектердің студенттік өмірі мен осы курсқа дәріс оқып, сабақ берген ұстаздар туралы сөз болады.

Кітапта курста бірге оқыған әр студенттің өмірбаяны, еңбек жолы туралы мәліметтермен қатар, студенттік өмірдің қызықты сәттері мен шәкірттерінің өздеріне сабақ берген ұстаздары туралы мақалалары, жүрекжарды пікірлері және бүгінгі күнге жетпеген сабақтастар туралы естеліктер жеке-жеке тарау ретінде беріледі. Тәуелсіздік қарсаңында оқу бітірген түлектердің оқуды бастауы 1986 жылгғы Желтоқсан көтерілісіне тап келгендіктен, бұл тарихи оқиғаның куәсі болғандардың естеліктері де жеке тарау ретінде қамтылған.

Кітап әл-Фараби атындағы ҚазМУ түлектеріне, филологтерге, 80-жылдардың ортасы мен 90-жылдардың бас кезінде білім алған студенттер өмірі қызықтыратын жалпы көпшілікке арналған.