Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Халық ауыз әдебиетінде «Жарғақбас, Қыжеңірдек, Шибұт» атты алақандай шағын ертегі бар екенін жақсы білесіздер. Ертегіде ерекше жаратылған үш кейіпкер түнде ұрлыққа шығады да, біреуінің - басы, екіншісінің кеңірдегі жарылып, үшіншісінің аяғы сынып, өліп қалады. Неге екенін, басталмай жатып аяқталатын бұл ертегіні балалар жақсы көреді, кейіпкерлерінің суретін салуға құмар...

Сіздерге сүйіншілеп айтатын жайымыз, қолдарыңыздағы бұл кітап балаларды сол сүйікті кейіпкерлерімен қайта табыстырғалы отыр. Яғни, автор әлгі ертегінің үш кейіпкерін жаңа сапада қайта тірілтіп, қызықты да күлдіргі хикаятқа айналдырыпты.

Тілі жеңіл әрі жатық, халық аузындағы сирек кездесетін мың иірімді қанатты сөздер мен сөз тіркестерін молынан қамтыған, оқырманын үлкен, кіші демей баурап алатын шым-шытырық оқиғалы мазмұнды шығарма.