Жарық сәуле: Әдеби зерттеулер мен толғаныстар

Еліміз тәуелсіздігін алған жылдары дүниеге келген, қазіргі уақытта көпшілікке мерзімді басылымдар арқылы танылып қалған жас жазушы, зерттеуші Елдос Тоқтарбайдың оқырман назарына «Жарық сәуле» әдеби зерттеулер мен толғаныстар кітабы ұсынылып отыр.

Зерттеуші, әдебиет сыншысының әдеби зерттеулері мен мақалалары топтастырылған бұл кітабында тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, даму барысы, зерттелуі, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық-саяси қызметі туралы сөз қозғайды. Автор жас қаламгерлердің шығармашылығы, әлеуеті сияқты тағы басқа өзекті мәселелерге жауап іздеп, өзінің ой-тұжырымын білдірген.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.