ЖОЛЫ БОЛҒАН ЖОЛАУШЫ

Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Күнделіктері» - күнінің қалай өткенін есте қалдыру үшін емес, көргенін — көңіліне түйіп, соны өз елінің өмірімен, тарихымен салыстырып, пікір қорыту үшін жазылған. Тектік тамырлар суыртпақталатын терең эсерлер, тосын көзқарастар, ой орамдары, біз білмейтін не түйсіне бермейтін ғылыми ныспылар мен тұспалдар, сирек деректер көпшілік қауымның ынталы ықыласын оятары кәміл.

Жинақ әдебиетшілер мен тарихшылардың, мәдениеттанушылар мен саясаттанушылардың, ғылыми көпшіліктің, жалпы зиялы оқырман қауымның назарын аударатыны сөзсіз.