«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Б.Соқпақбаевтың шығармалары бойынша облыстық комикстер байқауының
С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Б.Соқпақбаевтың шығармалары бойынша облыстық комикстер байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ережелер
1.1 Осы ереже облыстық комикстер байқауының (бұдан әрі - Байқау) өткізу тәртібін айқындайды;
1.2 Байқауды ұйымдастырушы (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана болып табылады;
1.3 Байқаудың мақсаты:
- Павлодар облысының жас суретшілері мен иллюстраторларының шығармашылық әлеуетін ашу;
- мәтіндік-визуалды форматтармен жұмыс жасауда жалпы білім деңгейін арттыру, көркемдік стильді қалыптастыру;
- бейнелеу өнері арқылы қазақ әдебиетін ілгерілету;
- ұйымдастырушылармен әлеуетті ынтымақтастық үшін талантты иллюстраторларды іздеу.
1.4 Байқаудың тақырыбы комикс стилінде жасалған оқиға болып табылады (Б.Соқпақбаевтың кез келген шығармасы).
2 Байқауға қатысу шарттары
2.1 Байқауға қатысуға Павлодар облысының 15-35 жас аралығындағы тұрғындары алдын ала іріктеусіз жіберіледі;
2.2 Байқауға қатысу қатысушының өтінімде көрсетілген дербес деректерін өңдеуге келісімін растау болып табылады.
3.1 Комикс Бердібек Соқпақбаевтың кез келген сүйікті шығармасына дайын сценарий (сахналар, диалогтар мен кейіпкерлердің іс-қимылдары жиынтығы) болуы тиіс;
3.2 Байқауға тек авторлық жұмыстар қатыса алады. Басқа авторлар жасаған комикс кейіпкерлерінің сюжеттері мен келбетін қайталайтын жұмыстар қатыстырылмайды;
3.3 Жұмыс қара-ақ немесе түрлі-түсті дизайнда, кез-келген сурет салу техникасында, кез-келген форматта (комикс-стрип, графикалық роман, манга және т.б.) жасалуы мүмкін. Кадр жақтаулары (қажет болса) нақты геометриялық фигураларға сәйкес келуі керек;
3.5 Жарамды кескін форматтары: .jpg, .png, .pdf. сондай-ақ, комикс A4 парақтарында көрсетілуі мүмкін. Файл атауында қатысушының тегі болуы керек;
3.6 Байқау жұмыстары электрондық пошта арқылы қабылданады maraltaj74@mail.ru (хаттың тақырыбында "комикс" деген белгімен) немесе Павлодар қ., Академик Сәтпаев к-сі, 104, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, 39-кабинет мекенжайы бойынша. Анықтама телефоны: 87006863199;
3.7 Жұмысты кәдімгі немесе электрондық тәсілмен берген кезде хатта мыналарды көрсету қажет: қатысушының аты-жөні мен жасы, жұмыстың атауы, қатысушының немесе оның заңды өкілінің байланыс телефоны.
4 Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері
4.1 Комикстер келесі параметрлер бойынша 10 балдық шкала арқылы бағаланады;
- тақырыпқа сәйкестік, сюжеттің өзіндік ерекшелігі мен тұтастығы;
- жұмыстың мазмұны, иллюстрациялар мен мәтіндердің үйлесімі;
- шығармашылық идея, баяндауды құру логикасы;
- жұмыстың көркемдік деңгейі және ол автордың жасына сәйкестігі;
- мәтіннің сауаттылығы.
4.2 Жұмысты суретшілерден, оқытушылардан, жазушылардан және кітапхана қызметкерлерінен тұратын тәуелсіз сарапшылар тобы бағалайды.
5 Байқауды өткізу мерзімдері
5.1 Байқау жұмыстары 2024 жылғы 1 ақпаннан 2024 жылғы 1 қазанға дейін қабылданады;
5.2 Ұйымдастыру комитеті жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды және оларды 2024 жылғы 10 қазанға дейін хабардар етеді;
5.3 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2024 жылғы 30 қазаннан кешіктірілмей өткізіледі.
6 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау
6.1 Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;
6.2 Байқауға қатысушылардың қалауы бойынша оларға қатысушылардың сертификаттары берілуі мүмкін.
7 Авторлық құқық
7.1 Байқауға жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды;
7.2 Ұйымдастырушылар алынған материалдардың авторларын көрсете отырып, кез келген заңды тәсілмен пайдалануға, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде орналастыруға, бұқаралық іс-шараларда көрсетуге құқылы болады.
8 Дербес деректер
8.1 Байқауға қатысу, қатысушының конкурстық жұмыста көрсетілген дербес деректерін өңдеуге келісімін растау болып табылады;
8.2 18 жасқа толмаған қатысушылар үшін дербес деректерді өңдеуге олардың ата-аналары келісім береді.
Байқау кураторы: жастар бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы - Таженова Марал Абылайхановна
Ұялы байланыс телефоны.: 87006863199
E-mail: maraltaj74@mail.ru