«Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісі» атты семинар
22-23 қазан аралығында облыстық кітапханада «Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісі. Әдістемелік қызметтің өзекті мәселелері» атты семинар өтті. Семинар ұйымдастырушылары ¬– «Astana-Gold» Қазақстандық кәсіби оқыту орталығы және Назарбаев Университетінің кітапханасы. Лектор – Петр Лапо – Назарбаев Университет кітапханасының бас сарапшысы.
С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхана қызметкерлері үшін семинарда заманауи сатыда қоғамдық кітапханалар қызметінің инновациялық, басым бағыттары, кітапхана қызметінің нәтижелілігіне қойылатын бағаның индикаторлары мен критерийлері, заманауи кітапханашыға қойылатын кәсіби және жеке талаптар, кітапхана қызметіндегі техногиялардың рөлі, кітапханалардың корпоративтік қызметі, халықаралық кітапханалық ұйымдар және ИФЛА жобалары және т.б. баяндалды.
Қазіргі күні кітапханалар сапа менеджменті жүйесінің негізінде, болашаққа деген бағытымен және белсенді жұмыс әдісімен, құрылымдық әртүрлілігімен, кәсіби қызметтің өңделген қағидаларымен инновациялық ақпараттық-кітапханалық орталықтарға айналуда. Белгіленген бағыттар мен алынған білімді іске асыру облыстық кітапхана қызметінің жетіле түсіне әсер етеді.